1974 жылы 29 қазанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылында дүниеге келген.
Әкесі Қуандық Бүрлібаев - Сыр сүлейлерінің мұрагер ұрпағы, ерекше дауысты, дарынды жырау болған. Әке жолын қуған Амандық 1986 жылы Ленинград қаласында өткен Бүкілодақтық этнографиялық фестиваліне, 1987 жылы Алматы қаласында өткен Бүкілодақтың халықтар творчествосы фестиваліне қатысып лауреат атанған.
Мектеп бітіргеннен кейін Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің «Әуез және мәдени ағарту» мамандығы бойынша «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасына түсіп, арнайы мамандық иесі атанды. 1995 жылдан 2011 жыл аралығында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының оқытушысы қызметін атқарған. 2011 жылдан бастап шығармашылық-ғылыми жұмыстармен айналысқан.
Ғылыми еңбектері:
1. «Тәуелсіз Қазақстаңың жаңа әдебиеті: Даму деңгейі және болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Дәстүрлі ақындар поэзиясындағы ұлттық тұрмыс-салт өлеңдері» тақырыбында баяндама оқып, жинаққа енді.
2. «Дәстүрлі ақындар айтыстарындағы азаматтық сарын», қазақ тілі мен әдебиеті журналы. 2010 жыл №11 саны.
3.«Дәстүрлі ақындар айтыстарының философиялық-дүниетанымдық сипаты», Ақиқат ұлттық қоғамдық-саяси журналының 2010 жылғы №9 санында жарық көрді.
Жетістіктері мен марапаттары: