р/с | Атқарылатын жұмыстар | Орындалу мерзімі |
---|---|---|
1 | Қазақ хандығының 560 жылдығына орай ХV-XІХ ғасырларда өмір сүрген ақын-жыраулар поэзиясындағы еліміздің тарихы көрініс тапқан шығармаларын насихаттау мақсатында «Дәуірлер дүбірі » атты жыр концерт |
29 қаңтар |
2 | Халық педагогикасының мәйегіне айналған тұрмыс-салт жырларының көне түрі «Бесік жыры» тақырыбындағы мәдениет саласының үздігі, әнші А.Ноғайбаеваның шеберлік сағаты |
12 ақпан |
3 | Сыр бойындағы жыраулық өнер, ақындық поэзияның қоңыраулы көшін жалғастырушы ақын-жыраулардың шығармаларын насихаттау және дәстүрлі орындаушының кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында жыршы Б.Орынбасаровтың орындауында «Қира ат» тарихи дастанын жырлау
|
26 ақпан |
4 | Қазақ ауыз әдебиетінің көне жанрларының бірі, қаһармандық эпосты орындаудағы жыршының алқаны игеру шеберлігінің әдісі мен жолдарын қалыптастыру мақсатында Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай» дастанын жырлау. Орындайтын: «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Р.Ахметов |
30 сәуір |
5 | Ақтан батырдың туғанына 255 жыл (1770-1854) толуына арналған «Ақша бұлтты Ақтан батыр» атты мәдениет саласының үздігі, жырау М.Сүгірбайдың жеке жыр концерті |
3 сәуір |
6 | Нартай әншілік өнерінің өкілі ақын, әнші-жырау Қ.Бекпейісовтың 60 жылдығына және Нұртуған жыр мектебінің өкілі, жырау Р.Әшімовтың 70 жылдығына арналған «Ән мен жырдың аспанында қалықтап» атты танымдық кеш /дөңгелек үстел/ |
12 наурыз |
7 | Ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған қазақ даласындағы майдангер ақын-жыраулардың шығармаларын насихаттау бағытында өтетін «Таусылмас тағзым» атты дәстүрлі орындаушылардың жыр-концерті |
5 мамыр |
8 | Ақын, әнші-композитор Н.Бекежановтың 135 жылдығына арналған «Нартай салған ізбенен» атты танымдық жыр кеші |
13 маусым |
9 | Жыраулар үйінің бір жылдығына орай Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарына «Жыр керуені» атты гастрольдік сапар / ақылы/ |
Қыркүйек |
10 | Жыраулар үйінің ашылғанына бір жыл толуына орай «Жыр керуені» атты дәстүрлі орындаушыларының концерті /ақылы/ |
Қыркүйек |
11 | Қызылорда облыстық филармониясы дәстүрлі орындаушыларының «Жыр керуені» атты жылды қорытындылау концерті |
Желтоқсан |
12 | Ғылыми жұмыстар бойынша жүргізілетін жұмыстар: • Жыраулардың толықтай өмірбаянын жинақтау; • Жыраулардың түпнұсқа дауыстарын таспалау; • Жыраулардың портретін жасақтау (суреті сақталмаған жыраулардың); • Инфокиоск ақпаратын 4 тілде жаңарту; • Сыр бойы жырауларының жаңа дыбыстық антологиясын жарыққа шығару. |
Жыл бойы |
13 | БАҚ өкілдерімен байланыс жасау арқылы жыраулардың жарнамасын жүргізу |
Жыл бойы |