Өнердің пірі – Дүр Оңғар
Бүгін Жыраулар үйінде Сыр сүлейі, Оңғардың дүрі, ақынның шыны Оңғар Дырқайұлының 165 жылдық мерейтойына арналған “Өнердің пірі – Дүр Оңғар” атты дәстүрлі орындаушылардың концерті өтті.
Оңғар Дырқайұлы – қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған бірден бір тұлға. Сыр аймағына тән жыраулық дәстүрді алдыңғы толқыннан бойына дарыта білуімен қатар, кейінгі толқын – ізін басқан ұрпақтарға ұлағат, өшпес өнерін мұра ете білген жыршы.
Дәуірдің үнін, өткеннің сырын жеткізген жыр кешінде филармония әстістері: “Құрмет” орденінің иегері Ш.Бимбетова, “Мәдениет саласының үздігі” А.Ноғайбаева, “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегерлері: Р.Ахметов, М.Сәрсенбаева, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары: Б.Төлеубаев, М.Сүгірбай, З.Баймұрза, Б.Орынбасарлар өнер көрсететті.