АРАЛЫМ АЙДЫН ШАЛҚАРЫМ
Бүгін жыраулар үйінде Арал аудандық мәдениет орталығының жыршы-жыраулары мен шәкірттерінің жыр кеші өтті.
Қонақтарымыз алдымен жыраулар үйімен танысып мәжіліс залының дөңгелек үстелінде кездесу өткізді. Кездесу барысында Қызылорда облыстық филармониясы басшысы Талғат Бақытбекұлы сөз алып жыраулар үйінің құрылымын және алдағы жоспарымен таныстырып екі жақты атқарылатын жұмыстарға сәттілік тілей отыра Алғыс хатпен марапаттады.
Концерт барысында Арал өңірінің мақам-саз, жырын халыққа насихаттап жүрген республикаға танымал жыршы-жыраулары қазыналы қазақтың рухани өнерлерін тыңдарман қауымға паш етті.