“XV-XIX ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ"
2024-04-26

“XV-XIX ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ  АҚЫН-ЖЫРАУЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ"

Қызылорда Облыстық Филармониясы Жыр елі Жыраулар үйінің бүгінгі жоспарлы лекция-концерті өтті. 

Концерт жүргізушісі: Халықаралық конкурстармен фестивальдердің лауреаты, Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер Одағының мүшесі, жыршы Сүгірбай Марат Бердібайұлы

Орындаушылық шеберлік: 

Еліміздің тарихы көрініс тапқан жыраулар  шығармаларындағы тәрбиелік тұтастықты қалыптастырып сахнада алқаны игерудегі ең биік шеберлікті көрсете білді.
Қазақ елінің тарихында саяси-әлеуметтік іс-шараларға белсене араласқан кемеңгер тұлғалар Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Махамбет т.б ақын-жыраулардың шығармалары орындалып, жыраудың эпостарды жырлаумен ғана шектелмей сол замандардағы ханның ақылшысы болып елдің бірлігі үшін батырлық, ақылгөйлік,  даналық  табиғатымен сипатын тікелей байланыстырды.

Жыраулар жырлары рухани мұрамызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізуде тәрбиелік мәнге ие. Болашақта да "қаһармандық халық эпостар" тақырыбында жыраулар үйі дәстүрлі орындаушыларының орындауында лекция концерттер жалғасын табады.