Әлди - ән-жырым
Күні: 2025-02-12 Уақыты: 11:00

 ҚҰРМЕТТІ ЖЫРСҮЙЕР ҚАУЫМ!

Сіздерді ҚР "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісінің иегері, дәстүрлі әнші Ақмарал Ноғайбаеваның тұрмыс-салт жырларының көне түрі - бесік жырын насихаттау мақсатында өтетін «Әлди - ән-жырым» атты шеберлік сағатын тамашалауға шақырамыз! Халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің түп негізі жатыр. Ендеше, ерекше рухани сәтті жіберіп алмаңыздар!

Ұстасаң баба үлгісін
Болады түзу тұрмысың...

 12 ақпан  11:00-де
Жыраулар үйі, Е.Әуелбеков 5