"Кенесары-Наурызбай" тарихи жыр дастаны
Күні: 2025-04-30 Уақыты: 17:00

ҚҰРМЕТТІ ЖЫРСҮЙЕР ҚАУЫМ!

Қазақ ауыз әдебиетінің көне жанрларының бірі – қаһармандық эпос. Батырлар жырының басты идеясы – тарихи оқиғалардың ізін сақтай отыра, қазақ батырларының ерлігі мен батырлығын баяндау. Кенесары Қасымұлымен ел қорғаудағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, барлық оқиғаларды өзі көрген Нысанбай жырау Жаманқұлұлы – Кенесары мен Наурызбайдың бейнесін батырлық эпос үлгісімен жырлап, үлкен ақындық шеберлікпен суреттеген. Халықтың ерлік рухын, батырлық пен адалдықты дәріптейтін «Кенесары-Наурызбай» тарихи дастанын «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, жырау Руслан Ахметов жырлайды!

Ұлттық мұрамызды көкейге түйіп, өткенімізді жаңғыртуға арналған жыр кешін өткізіп алмаңыз!

 Билет бағасы: 1000 тг
Орын саны шектеулі!
Байланыс телефоны: 8 705 556 48 09
30 сәуір 17:00-де
Жыраулар үйі, Е.Әуелбеков 5