Әуелбек Қоңыратбаев

Әуелбек Қоңыратбаев — қазақ түкологы, филология ғыылми  докторы,  профессор. . Ғалымның негізгі еңбектері қазақ фольклоры, көне түркі поэзиясын зерттеу және қазақ әдебиетін мектептерде оқыту мәселелеріне арналған. «Қазақ совет әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші» (1950), «Қазақтың Қозы-Көрпеш жыры туралы» (1959), «Әдебиетті оқыту методикасының очерктері» (1962), «Әдебиетті оқыту методикасы» (1966), «Шеберлік сырлары» (1979), «Қазақ эпосы және түркология» (1987), «Қазақ фольклорының тариxы» (1991), «Қазақ әдебиетінің тариxы» (1994) жарық көрді. Қоңыратбаевтың бірқатар еңбектері абайтану мәселөлерін сөз етеді, әсіресе ақынның шығыс әдебиетімен байланысын ашуға арналған. «Мәдениет тарихынан алынатын таным» («Қазақ әдебиеті», 28 қаңтар 1972), «Әлішер Науаи — өзбек халқының ұлы ақыны» ( Қаз ССР ғылым академиясының Хабаршысы, 1948, №6), «Фараби және Абай» еңбектерінде Шығыс әдебиеті мен қазақ әдебиетінің тарихи сабақтастығы және жалпы түркология мәселөлерін қарастырған. Оның бірқатар зерттеулері Абайдың философиялық көзқарасын анықтауға, ақындық шеберлік және шығармаларындағы еткірсын, әжуа, мысқыл ерекшеліктерін ашуға арналған. Ол Абай Құнанбайұлының өмірі мен ақындық жолын зерттеу мәселелеріне байланысты 10-нан астам ғылыми мақала жазып, 1945 жылғы Абай Құнанбайұлы шығармаларының академиялық жинағына түсініктер жариялады. Ғалымның 10 томдық шығармалар жинағы (2004-2005), 2 томдық таңдамалы көркем шығармалары (2008) жарық көрді.