НОҒАЙБАЕВА АҚМАРАЛ ӘЛМЫРЗАҚЫЗЫ
Халық әні "Қымыз құйғыш"
ҚР Мәдениет министрлігі «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері. Педагогика ғылымдарының магистрі. Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық Одағының мүшесі.

Дәстүрлі әнші, Нартай жыр мектебінің көрнекті өкілі. 1973 жылы  Шиелі ауданында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің түлегі.

АТАҒЫ

ҚР Мәдениет министрлігі «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері. Педагогика ғылымдарының магистрі.

Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық  Одағының  мүшесі.

ЖЕТІСТІГІ

 

1889 жылы Сыр сүлейі, ақын Н. Бекежановтың 100 жылдығына арналған облыстық өнер сайысында жүлдегер атанған;

1990 жылы облыстық байқауда жүлделі ІІІ орынмен марапатталған;

1991 жылы жырау, термеші, күйшілердің облыстық конкурсында  «Қуаныш Баймағанбетов» атындағы арнайы жүлдемен марапатталған;

2020 жылы ақын, композитор Н. Бекежановтың 130 жылдығына арналған «Жыр-керуен» тележобасында үздік өнер көрсеткені үшін Дипломмен мрапатталған.

ҚР Президентінің  2020 жылғы 9 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған;

2001 жылы Алматыда өткен халықаралық ән-жыр конкурсының, 2003 жылы Таразда өткен «Шырқа даусым» атты II республикалық әншілер конкурсының лауреаты;

2004 жылы облыстық өнер сайысының Бас жүлдегері  атанды.

2005 жылы арнайы шақыртумен Түркияның Ескі Шаһир қаласында өткен «Юнус Әмре мәдениеті мен шығармашылық аптасы» халықаралық фестивалінде өнер көрсеткен;

2006 жылы Шиелі ауданында Нартайдың ізбасары Әбіләш Әбуовтың 70 жылдығына арналған Нартай әндерін нақышына келтіріп орындаушылар байқауының Бас жүлдегері;

2008 жылы Алматы қаласында жыршы,термеші, жырау Хамза қажы Екейбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Заман-ай» республикалық термешілер бауқауының ІІІ орын иегері;

2015 жылы Нартай Бекежановтың 125 жылдығына арналған «Өздерің білер Нартаймын» атты республикалық әншілер конкурсында жүлделі І орынмен марапатталды;

2017 жылы Сыр сүлейі ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жырау Ш.Төлепованы еске алуға арналған «Домбырасын моншақтаған жыр жампозы» атты жыршы-қыз-келіншектер фестивалінің Алғыс хатымен марапатталды;

2017 жылы «Ұлы дала елі» халықаралық жыршылар фестиваліне  қатысқаны үшін дипломмен марапатталған;

2018 жылы «Астана - Арқау» атты дәстүрлі түркі музыкасының фестивалінде өнер көрсеткені үшін арнайы Дипломмен марапатталды.

2018 жылы «Қазақстан» республикалық  телерадиокорпорациясы» АҚ қызылорда облыстық филиалының «Жыр керуен» бабалар мұрасын насихаттаудағы қайраткерлігі үшін Дипломмен марапатталды.

2018 жылы Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Жыр-керуен» атты облыстық  жыршы-жыраулар фестивалінде Алғыс хатпен марапатталды;

2019 жылы Сыр сүлейі С. Ақбаевтың 100 жылдығына арналған «Жыр саңлағы - Сүйінбай» атты облыстық  жыраулар фестивалінде Алғыс хатпен марапатталған;

2019 жылы «Nur Otan» партиясының 20 жылдық мерейтойында Алғыс хатпен марапатталды;

2020 жылы  «Домбырасын моншақтаған жыр жауһарлары» атты қыз-келіншектердің облыстық фестиваліне қатысқаны үшін Дипломмен марапатталған;

2021 жылы  жыр алыбы Ж. Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Тыңда дала Жамбылды» облыстық жыршылар фестивалінде Алғыс хатпен марапатталды;

2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойы аясында облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды;

2021 жылы даңқты жырау К.Рүстембекұлының  75 жылдығына арналған «Жүрегі жауһар жампозым» атты этноқойылым концертте дәстүрлі өнерді дәріптегені үшін Алғыс хатпен марапатталды;

2021 жылы К.Рүстембекұлының  75 жылдығына арналған «Қазақтың күміс көмей Көшенейі» атты облыстық  жыраулар фестивалінде Дипломмен марапатталды;

2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында Алғыс хатпен марапатталды;

2021 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің дамуына сіңірген еңбегі үшін «Үздік түлек» белгісімен марапатталды;

Республикалық  «Nur Otan» партиясының қолдауымен өткен «Жыр - аманат» концерт - спектакліне қатысқаны үшін арнайы дипломмен марапатталған.

2022  республикалық «Жырлансын ел бірлігі» атты жыршылар фестивалінде Дипломмен марапатталды.

2022 жылы Сыр сүлейі, Бұдабай Қабылұлының шығармашылығын насихаттауға арналған «Өзге сөзден өлеңге ұста - Бұдабай» атты республикалық жыраулар фестивалінде арнайы Дипломмен марапатталды;

2022 жылы Республика күніне орай арнайы Алғыс хатпен марапатталды;

2022 жылы ҚР Еңбек сіңірген қызметкері Ә. Ноғайбаевтың 75 жас мерейтойына арналған «Әні әдемі Әлмырза» атты дәстүрлі әншілердің республикалық фестивалінде үздік өнер көрсеткені үшін Дипломмен марапатталды;

2022 жылы  «Домбырасын моншақтаған жыр жауһарлары» атты қыз-келіншектердің облыстық фестиваліне қатысқаны үшін Дипломмен марапатталған;

2023 жылы  Астана қаласында өткен «Ұстаз тағылымы» атты жыр кешінде ҚазҰӨУ ректоры, профессор А.К. Мусахаджаеваның Алғыс хатымен марапатталды;

2023 жылы қазақтың халық ақыны Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығына арналған «Қазаққа аты мәшһүр  Иманжүсіп» атты республикалық әнші-фестивалінде үздік өнер көрсеткені үшін марапатталды;

2023 жылы ақын Ш. Дәрібаев атындағы «Өмір дәурен» атты облыстық жыршылар фестиваліне қатысқаны үшін Дипломмен марапатталған;

2023 жылы Астана қаласының 25 жылдығына арналған Қызылорда облысының Өнер күндері аясында өткен мәдени шараларға белсене қатысқаны үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды;

2023 жылы Түркі тілдес елдердің «Қорқыт және ұлы дала сазы» атты халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінде өнер көрсеткені үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Видео форматта: