Қызылорда облыстық филармониясының әртісі, ақын, жыршы, Педагогика-психология ғылымдарының магистрі. Бірнеше дүркін облыстық, республикалық, халықаралық өнер бәйгелерінің жүлдегері, қалалық “Жастар” театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі. Жыр қорында Сыр сүлейлерінің терме - толғаулары мен ақын Нұрхан Ахметбектің “Ұры Қарға”, Кете Жүсіптің “Шағзада”, Айбек Тәңірбергеновтің “Қира ат” және халық жыры “Қыз Жібек” бар.
Қызылорда облысы Арал ауданы, Шөмішкөл ауылында 2001 жылы 20 қаңтарда дүниеге келген. 2018 жылы Шөмішкөл ауылындағы номері 66 орта мектебін бітірді. 2018-2022 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетін, “Дәстүрлі ән әртісі, оқытушы” мамандығын тәмәмдаған. 2017 жылы Алматы қаласында өткен халықаралық "Бозторғай" байқауында дәстүрлі өнер жаныры бойынша 1 орын иеленді; 2018 жылы Жамбыл Жабайевтың атында өткен "Менің пірім- Сүйінбай" атты республикалық ақындар айтысына қатысып 3 орын иегері; 2018 жылы Нұртуған жыраудың 130 жылдығына орай өткен облыстық жыршылар байқауының 1 орын иегері; 2019 жылы студенттер арасында өткен айтыс, жыршылар байқауы және бірнеше ақындар мүшәйрасынан жүлделі орындар қанжығалады. 2019 жылы Сыр өңірінің жыршылық өнерін дәріптеп, халыққа насихаттағаны үшін, қала әкімі Н.М.Нәлібаевтің алғыс хатымен және бірнеше мәрте, университет ректорының құттықтау, алғыс хаттарын алды. 2020 жылы Әйтеке бидің 375 жылдығына орай ұйымдастырылған," Жастар жырлайды" атты республикалық жастар айтысында ерекше көзге түсіп, (Жүрсіннің жүйрігі) атанды. 2020 жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына байланысты, "Абай жолымен" атты айтыста белгілі ақын Жансая Мусинамен айтыста тең түсіп, көрермен көзайымы атанды. 2020 жылы Қызылорда обылысы қала күніне орай өткен "Ақмешітін жырласын ақындарың" атты жыр мүшәйрасынан жүлделі 3 орын иегері; 2020 жылы Сыр сүлейі Жәмет Сайым ұлының 125 жылдығына арналған " Елім деп жыр төгілткен Жәмет жырау" атты облыстық жыраулар байқаунан 1-ші орын иегері; 2020 жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай әл- Фарабидің 1150 жылдығына Алтын орданың 750 жылдығына арналған онлайн айтыстардан жүлделі орындар мен арнайы жүлделер иеленді; 2020 жылы Қазалы ауданында тәуелсіздік қарсаңында өткен "Азаттықты аңсаған арыстарым" атты айтыстан 1 орын иегері; 2020 жылы Қызылорда облысы рухани жаңғыру орталығының ұйымдастыруымен өткен "Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры " атты обылыстық жастар айтысыннан 3 орын иегері; 2021 жылы Қазалы ауданында өткен "Асандар көтерілісіне 90 жыл" толуына орай өткен айтыста 1 орын иегері; 2021-жылы Қызылорда облысында өткен "Мәңгілік ел мұратым" атты республикалық ақындар айтысына қатысып дипломат атанды; 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен "Ең бірінші бақытым " атты республикалық айтыстан бас жүлде иегері; 2021 жылы Шымкент қаласында республикалық "Күміс домбыра " айтысының 2 орын иегері; 2021 жылы Қызылорда облысының ішкі саясат және мәдениет бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылған «Сыр дарыны - 2021» байқауының айтыс жаныры бойынша бас жүлде алып, Сыр дарыны атанды. 2021 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен өткен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай өткізілген республикалық жас ақындар айтысында жүлделі ІІ орын иеленді; 2021 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың ақпан айында өтетін дәстүрлі «Менің пірім –Сүйінбай» Халықаралық ақындар айтысына жолдама иегері; 2022 жылы Алматы қаласында өткен республикалық “Менің пірім Сүйінбай” атты ақындар айтысының 3-орын иегері. 2022 жылы Алматы қаласында өткен “Асыл домбыра ” республикалық ақындар айтысының ақтық сынына қатысып “Арнайы жүлде” иегері атанды. 2022 жылдың мамыр айының 21 күні өткен Ақназар қожа мен Кедей би құрметіне арналған республикалық айтыстың 3-орын иегері. 2022 жылы Қазалы ауданында өткен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған Республикалық айтыстың 1 орын иегері атанды. 2022 жылы Арал ауданында өткен Толыбай батырдың 250 жылдығына арналған облыстың айтыстың бас жүлдесін иеленді. 2022 жылы Арал қаласының 95 жылдығына арналған республикалық айтыстан 2 орын иегері. 2022 жылы Тұрмағамбет Ізтілеуовтің 140 жылдығына арналған “Аралап жердің жүзін жүрер сөзім” атты аймақтық айтыстың 3 орын иегері. 2022 жылы Арал ауданы Аманөткел ауылының 100 жылдығына орай өткен облстық жыраулар байқауының бас жүлде иегері. 2022 жылы Қызылорда қаласында өткен М. Әуезовтің 125 жылдығына арналған “Сөздің кені, ойдың кемелі” атты республикалық айтыстан 2 орын иегері атанды. 2023 Қаңлы Жүсіптің 150 жылдығына арналған республикалық айтыстың 2 орын иегері. 2023 Хабар арнасы және Асылтас қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен “Асыл домбыра” 2023 республикалық ақындар айтысының 3 орын иегері. 2023 Қазалы ауданының 95 жылдығына арналған” Тамыры терең, тарихы кенен Қазалы” атты республикалық айтыстың бас жүлдесін алды. 2023 жылы Шиелі ауданында өткен “Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры” атты облыстық айтыстың бас жүлде иесі. 2023 жылы Айтыс ақындары мен жыршы термешәлердің халықаралық одағына мүше болды. 2024 жылы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің алғыс хатымен марапатталды. 2024 жылы V дүниежүзілік көшпенділер ойынында ақындар айтысына қатысып жоғары дәрежеде өнер көрсетті. 2024 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданының 85 жылдығына арналған “Құтты мекен Қызылқоға” атты аймақтық айтыстан 3 орын иеленді. 2024 жылы Халық батыры “Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 250 жылдығына арналған “Халқына қорған болған батыр баба” атты республикалық айтыста 3 орын иегері атанды. 2024 жылы Кентау қаласында өткен “Кентауым - мәуелі гүл бағым” атты аймақтяқ айтыстың үшінші орын иегері. 2024 жылы Байқоңыр қаласында өткен республикалық “Ұшқыр ойлар” атты жастар айтысынан бас жүлде иеленді. 2025 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен “Күміс домбыра” айтысының бас жүлдесін иеленіп, “Күміс домбыра” иегері атанды. 2025 жылы Арал ауданында өткен жеңістің 80 жылдығына арналған “Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі” аймақтық айтысынан Бас жүлде иеленді.
Видео форматта: