БАЙМҰРЗАЕВА ЗУЛФИЯ ҒАБИТҚЫЗЫ

Қызылорда облыстық филармониясының солисі, дәстүрлі әнші-жыршы.

1990 жылдың 2 тамызында Қызылорда облысы, Сырдария ауданының Шіркейлі ауылында дүниеге келді.  Жыршылық өнерге алғаш баулыған ұстазы - Майра Сәрсенбаева. 2008-2010 жылы Алматы қаласы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы «Дәстүрлі музыкалық өнер»мамандығы Халық ән бөліміне оқуға қабылданды. Екі жылдық дайындық бөлімінде Айгүл Қосанова ұстаздан Батыс ән мектебінен тәлім алып, негізгі мектепті Сыр өңірінің белгілі жыршысы, филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Байбосынова Мәлікайдарқызынан Сыр бойы жыраулық мектебін 2014 жылы аяқтады. 2015 - 2017 жыл аралығында Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы "Халық ән" бөлімінде әнші, жыршы қызмет атқарды. 2006 жылы Атырау қаласында өткен Шернияз Жарылғасұлының 200 жылдығына арналған Республикалық «Жырымның күміс шаптым қияғына» атты жыршы-термешілер сайысынан жүлделі 3 орын; 2007 жылы Орал қаласында өткен Қаламқас Орашеваның 55-жылдық мерейтойына арналған «Көмейінде күміс жыр» атты 2-ші республикалық байқауында жүлделі 2 орын. 2007 жылы Маңғыстау қаласында өткен Халықаралық әнші жыршылар байқауында 1 орын. 2011 жылы Атырау қаласында өткен 7-ші республикалық «Дельфийлік ойындары» байқауында 1 орын.  2013 жылы Қызылорда облысында өткен Тұрмағанбет Ізтілеу атындағы жыршылар байқауында 2 орын. 2013 жылы Алматы қаласында өткен қалалық «Күміс көмей, жезтаңдай» байқауында 2 орын.  2015 жылы Қызылорда облысында өткен «Өздерің білер Нартаймын» атты Нартай Бекежанов атындағы әнші-жыршылар байқауында 2 орын. 2016 жылғы Халықаралық 4 "Ұлы дала дауысы" теле радио фестивальінің бас жүлдегері! 2016 жылы Алматы қаласы әкімдігі, Талдықорған қаласында, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген "Тариxқа тағзым" атты республикалық жыршы, термішілер байқауында 2 орын! 2016 жылы Алматы қаласында өткен республикалық "Текті сөздің төресі-терме" атты жыршы термешілер байқауында 3 орын. 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астана қаласы әкімінің алғыс xатымен марапатталды! 2016 жылы "Мен қазақпын" xалықаралық мега жобасының облыс бойынша "Дәстүрлі ән" бөлімі бойынша бас жүлде иегері және xалықаралық жарысқа жолдама. Халықаралық "Мен қазақпын" жобасының финалисті. 2017 жылы Орал қаласында өткен Республикалық Қаламқас Орашева атындағы жыршылар байқауында 1 орын. 2017 жылы ЭКСПО-2017 аясында Халықаралық мамандандырылған көрме аясында Астана қаласында өткен Қызылорда облысының мәдениет күндерінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қосқан ерекше үлесі үшін Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен; 2022 жылы Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы Арал ауданының әкімдігі ұйымдастыруымен өткен, Әнші Темірхан Ерғалиевтың 70 жылдығына арналған “Туған дала төсінде, ән боп туған мен болам” атты облыстық дәстүрлі әншілер конкурсында үздік өнер көрсеткен яғни Бас жүлде иегері. 2023 жылы Шымкент қаласында өткен “Ұлы дала әуендері” дәстүрлі ән орындаушыларының Республикалық байқауында 3 орын. 2023 жылы Қызылорда облысының әкімдігі “Түрксой” Халықаралық ұйымы ұйымдастыруымен, Түркі тілдес елдердің халықаралық “Қорқыт және Ұлы дала сазы” атты фольклорлық - музыкалық өнер фестивалінде орындаушылық өнердің үздік үлгісін көрсеткені үшін арнайы алғыс хатпен марапатталды. Жыр қорында Нұртуғанның, Нартайдың, Махамбеттің, Ә.Махановтың  терме-толғауларымен  бірге Ә.Егізбаевтың «Дад» дастаны, «Қыз Жібек», Сәрсенбай жыраудың терме-толғаулары бар. Құрманғазы атындағы Ұлттық Консерваториясының түлегі. Қазіргі таңда облыстық филармонияның  дәстүрлі орындаушысы.

Видео форматта: