БИМБЕТОВА ШОЛПАН ТЛЕУБАЙҚЫЗЫ
Нұртуған Кенжеғұлұлы "Ән туралы"

                                                  Бимбетова Шолпан Тлеубайқызы

Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі, «Құрмет» ордені, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Нұртуған жыр мектебінің өкілі.

        1973 жылдың 23 наурызында Кызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл ауылында дүниеге келген.

        1990-1993 жылдары Жезқазған мәдени ағарту училищесінің «Халық аспаптары» мамандығы бойынша білім алған.

        1994-1998 жылдары Қорқыт Ата атындағы Кызылорда университетінің студенті.

         Қызылорда облыстық филармониясының әртісі және Қорқыт Ата атындағы университеті, «Педогогика және дәстүрлі өнер», «Дәстүрлі музыка өнері және хореография» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, Педогогика ғылымдарының магистрі.

        1992 жылы Жезқазғанда өткен облыстық «Ұлытау үні» фестивалінің жүлдегері.

        1996 жылы Алматы қаласында Тәуелсіздіктің 5 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан халықтар достығы фестивалінің лауреаты.

        1997 жылы Лондонда өткен дүниежүзілік Ассамблея жиынында өнер көрсетті.

        1999 жылы Халықаралық Түркі халықтары фестивалінің дипломанты атанды.

        Орал қаласында өткен республикалық Ғ.Құрманғалиев атындағы әншілер байқауының лауреаты.

        1999 жылы  «Шабыт» жастар фестивалінің дипломанты.

       2000 жылы Түркияда өткен «Жастар және фольклор» фестивалінің «Ең үздік» номинациямен марапатталды.

       2002 жылы АҚШ мемлекетінің Вашингтон қаласында өткен дүниежүзілік «Жібек жолы» фестивалінде өнер көрсетті.

       Халықаралық Европа елдері Швецария, Франция, Италия, Германия мемлекеттерінде жеке шығармашылық іссапарда болды.

       Шымкент қаласында өткен республикалық «Шалқар термесі» байқауының лауреаты атанды.

      2007 жылы «Дидар» халықтың ән-би ансамблімен Оңтүстік Корея елінде өткен халықаралық ІҮ керамика көрмесінде өнер көрсетті.

      Ақтөбе қаласында өткен республикалық Қобыланды батыр атындағы «Арқалы жырау жырласын» атты жыршы, жыраулар байқауында Н.Байғанин атындағы жүлдені иеленді.

      2008 жылы Қызылорда облысы әкімінің стипендианты болды.

      Т.Жүргеновтің 110 жылдығына арналған «Ән қанатында» атты Республикалық дәстүрлі әншілер байқауының жеңімпазы.

      Хамза қажы Екейбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Заман-ай» республикалық термешілер байқауының жеңімпазы.

      2009 жылы Қызылорда облысының 70 жылдығымен Қызылорда қаласының 190 жылдық мерейтойына арналған «Алаштың Ақмешіті» атты дәстүрлі орындаушылар фестивалінің дипломанты.

      Қызылорда облысының 70 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталды.

      2010 жылы Ақтау қаласында өткен республикалық М.Сеңгірбекұлының 150 жылдығына арналған аймақтық жыршы-жыраулар байқауының лауреаты.

      2011 жылы «Ғасырлар сазы» дәстүрлі музыка фестиваль-байқауының лауреаты.

     Түркі тілдес елдердің халықаралық «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фольклорлық музыкалық өнер фестивалінде өнер көрсетті.

     «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойындар бағдарламасының жеңімпазы болып танылып сертификатпен марапатталды.

     Ресей Федерациясының  Қалмақ Республикасында өткен «Эпосы мира на земле потомков Джангара» атты ҮІ халықаралық жыршылар фестиваліне Қазақстанның атынан өнер көрсетті.

     Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына орай Сыр өңірі шығармашылық өкілдері арасында өткізілген «Елім менің» конкурсында «Орындаушылық өнер» номинациясын иеленді. 

    Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік университеттің Академиялық доценті атанды

     Сыр бойының «Қайталанбас дауыстар» жинағына Нұртуған жыр мектебінің шығармалары енді.

     2013 жылы Т.Ізтілеуовтің аудармасы «Шаһнама» кітап аудио таспаға 2000 жол дауысы жазылды.

    Астана қаласында Ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі өнер – жыр» кафедрасында Нұртуған жыр мектебі бойынша шеберлік сыныбын өткізді.

    2017 жылы Қарағанды қаласында өткен Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған республикалық жыраулар байқауының Бас жүлдегері.

    Көкжар жәрмеңкесінің 150 жыл және Ақтөбе облысының 85 жылдығына арналған «Жан серігім-домбыра» атты аймақтық дәстүрлі әнші-жыршылар  байқауында І орын иеленді.

    Т.Қарпықұлының 350 жылдығына арналған республикалық жыраулар сайысының лауреаты.

    2023 жылы Ақтау қаласында өткен «Мен-жүйрігің едім өнерлі» атты аймақтық жыршылар байқауынан ІІ орынды иеленді.

Видео форматта: