Қызылорда облыстық филармониясының солисі, жыршы.
1996 жылы 13 маусым күні Арал қаласы, Шижаға елді-мекенінде дүниеге келген. 2002 жылы алғаш №4 С.Сейфуллин атындағы мектебінде білім алды. 2014-2015 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Алматы телекоммуникация және машина жасау» колледжінде «Байланыс монтаждаушы кабельшісі» мамандығын бітіреді. 2017-2021 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығын тәмәмдайды. 2017 ж. Қызылорда қаласында өткен «Жырдан шашу шашайық» атты облыстық жыршы-термешілер байқауының І орын иегері; 2019 ж. Алматы облысында өткен «Мәңгілік елдің мәңгілік сарыны» Халықаралық дәстүрлі музыка фестивалінде ТҮРКСОЙ ұлтаралық; 2019 ж. Қызылорда облысында өткен «Текті сөздің төресі - терме» облыстық жыршы-термешілер байқауының І орын иегері; 2020 ж. Сыр сүлейі Ерімбет Көлдейбекұлының туғанына 180 жыл толуына орай облыстық «Qyzylorda» телеарнасы ұйымдастырған «Жыр-керуен» тележобасының дипломанты; 2021 ж. Кете Жүсіп Ешниязұлының 150 жылдығына орай өткен республикалық жыршы-жыраулар байқауының 3-орын иегері. 2021 ж. Ақтөбе қаласында өткен Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының 160 жылдығына орай өткен республикалық жыршы-термешілер байқауында 3-орын иегері. 2022ж. Қызылорда қаласында “Терме - тәрбие тұмасы” атты аймақтық жыршы-термешілер байқауында Бас жүлде иегері. 2022ж. Қызылорда қаласында өткен ақын,жырау Шәймен Дәрібаевты еске алуға арналған «Өмір - дәурен» атты облыстық жыршы-термешілер байқауында Бас жүлде иегері. 2022ж. Ақтөбе қаласында өткен «Азаттықтың ақ таңы» атты Балқы Базар Оңдасұлының 180 жылдығына арналған аймақтық термешілер байқауында 3-орын иегері.
2023ж. Қызылорда қаласында өткен «Текті сөздің төресі - терме» атты облыстық жас жыршы-термешілер байқауында 3-орын иегері. 2024ж. Ақтау қаласында өткен Ақын, сәулетші Өмір Қараұлы атамыздың 165 жылдығына орай өткізілген республикалық жыршы-термешілер байқауынан 2-орын иегері.
Видео форматта: