СӘНДІБЕК КӨРКЕМ АЙДОСҚЫЗЫ

Қызылорда облыстық филармониясының солисі, жыршы, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің "Дәстүрлі ән салу" бірлестігінің педагогы.

Тамыз айының 2-жұлдызында 2001 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2016 жылы Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейін тәмамдады. 9-сыныптан кейін 2016-2020 жылдар аралығында «Қазанғап» атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінде «Ән салу» бөлімінде оқып, «Домбырамен халық әндерін орындау» мамандығы бойынша диплом алды. 2020-2024 жылдар аралығында «Құрманғазы» атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясында «Халық әні» кафедрасынан  білім алып, оқуын аяқтады. 4 жасынан бастап үлкен сахналарда эстрадамен ән айтып, 12 жасынан  домбырамен терме айтып, түрлі байқауларда жүлдеді орындарға ие болды. Қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты. 2013 жылы Халықаралық «Бозторғай» байқауының ІІ орын лауреаты. 2014 жылы республикалық телевизиялық «Айгөлек» балалар байқауының І орын лауреаты. 2020 жылы Беларусь мемлекетінің Витебск қаласында өткен «ART PARAD IN VITEBSK» байқауының ІІІ орын лауреаты. 2023 жылы ХV-республикалық олимпиадада «Жыршылар» номинация бойынша  І орын лауреаты. Өнерлі отбасынан шыққан.

Видео форматта: