АХМЕТОВ РУСЛАН ЖҰМАБАЙҰЛЫ
Руслан Ахметов - Сыр сүлейлері (Запа Дәулетбаев)

Ахметов Руслан Жұмабайұлы 1977 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты, музыка факультетіне оқуға түсіп, 1998 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Музыка пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Осы жылдан бастап аталған оқу орында оқытушылық қызметін атқарып келеді. Университет жанынан құрылған «Дидар» халықтық фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әншісі (жырау). Көптеген халықаралық, республикалық, облыстық конкурстардың лауреаты.

1996 жылы Қарақалпақыстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан елдерінде өз өнерін көрсетті.

1997 жылы Ш.Төлепова атындағы аймақтық жыраулар байқауының жеңімпазы. І-орын (Қызылорда).

1998 жылы облыстық дастан орындаушылар байқауының «Бас жүлде» иегері (Қызылорда).

2000 жылы халықаралық «Жастар және фольклор» фестивалінің лауреаты (Түркия).

2001 жылы ІV-ші Халықаралық «Шабыт» жастар шығармашыл фестивалінің лауреаты (Астана).

2001 жылы «Ғасыр дастан» атты облыстық жыраулар байқауының жеңімпазы (Қызылорда).

2003 жылы «Шалқар термесі» атты Республикалық байқаудың жеңімпазы (Шымкент).

2004 жылы Республикалық қисса орындаушылар байқауының жеңімпазы (Ақтау).

2005 жылы «Шалқар термесі» атты Республикалық жыраулар байқауының жеңімпазы (Шымкент).

2006 жылы Қарасақал Ерімбет, Жалаңтөс Баһадүр атындағы аймақтық жыраулар байқауының жеңімпазы (Қызылорда).

2007 жылы Қорасан атаның 110 жылдығына арналған Республикалық «Заманай» жыраулар байқауының жеңімпазы (Қызылорда).

2007 жылы РФ-ның Сочи қаласында өткен ІІ-ші халықаралық «Развития» жастар фестивалінің лауреаты (Сочи).

2007-2010 жылдар аралығында «Керулен» фольклорлық ансамблінің солисті.

2008 жылы Халықаралық «Шабыт» жастар шығармашыл фестивалінің «Бас жүлде» иегері (Астана).

2009 жылы «Керулен» ансамблінің құрамында Венгрия елінде өз өнерін көрсетті.

2011 жылы Алматы қаласында өткен ресспубликалық «Ғасырлар сазы» дәстүрлі музыка фестиваль-конкурсының лауреаты (Алматы).

көрсетті (Астана, Тараз).

2021 жылы Қызылорда қаласы, А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Аманат» атты жеке концертті өтті.

2021 жылы Тараз қаласында өткен «Көне тараз күмбірі» атты Республикалық конкурста ІІІ – орын иегері.

2022 жылы Алматы қаласы, Жамбыл атындағы академиялық филармониясында «Сыр сүлейін сұрасаң» атты концерттік бағдарламада өнер көрсетті.

Шәкірттері көптеген халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары атанып келеді.

Марапаттары:

  1. Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың алғыс хаты (2005ж).
  2. Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрі Е.Ертісбаевтің дипломы (2006ж).
  3. Қызылорда облысы әкімінің стипендиаты (2011, 2014ж).
  4. ҚР Мәдениет қайраткері (2011ж).
  5. ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған мерекелік медаль (2011ж).
  6. Қызылорда облысы әкімінің алғыс хаты (2013ж).
  7. «Ерен еңбегі үшін» медалі (2014ж).
  8. Қызылорда облысы әкімінің алғыс хаты (2015ж).
  9. «Қызылорда қаласының 200 жыл» медалі (2018ж).
  10. «Мұқан Төлебаевтің 100 жылдығына арналған» мерекелік күміс медаль (Түркісой халықаралық ұйымы, 2018ж).
  11. «Қорқыт Ата атындағы Алтын медаль» (2019ж).
  12. ҚР Тәуелсіздігінің 30  жылдығына арналаған мерекелік медаль иегері (2021ж).
  13. ҚР Тәуелсіздігінің 30  жылдығына арналаған облыс әкімі Г.Абдыхалықованың алғыс хаты (2021ж).
  14. Қызылорда облысы мәслихатының хатшысы Н.Байқадамовтың алғыс хаты (2021ж).
  15. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Ахметовтың алғыс хаты (2021ж).
  16. Қызылорда облысы мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Есжановтың алғыс хаты (2021ж).
  17. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының әкімі Қ.Нұртайдың алғыс хаты (2021ж).
  18. Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының әкімі А.Шәменовтың алғыс хаты (2021ж).
  19. Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі Қ.Мүбәрәковтың алғыс хаты (2021ж).
  20. Қызылорда қаласының әкімі А.Шәменовтың алғыс хаты (2022ж).
  21. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының әкімі Ә.Ерсұлтановтың алғыс хаты (2022ж).
  22. Халықаралық Түріксойдың ұйымының мерекелік медалі.2023ж
  23. Қорқыт және үлы дала сазы халықаралық фестивалінің дипломымен марапатталды.2023ж

Видео форматта: