СҰРАҒАН МЫРЗАЕВ

 СҰРАҒАН МЫРЗАЕВ

(1957-1993 жж.)

 

Дәстүрлі орындаушылық өнерде өзінің аса жоғары деңгейдегі шеберлігі, жалпыға бірдей жағымды үні, сөз қорының сарқылмас сан алуандығымен тыңдаушысын тәнті етіп жүрген жыршылардың бірі Сұраған Мырзаев Қызылорда облысы, Арал ауданы Аралқұм станциясында дүниеге келген. Жыршының ескіше ата-тегі Кіші жүздің Жетіруына кіретін Кердері аталығы. Сұраған жастайынан Сыр бойының термелерін оның ішінде Арал өңіріндегі Бәйімбет Нұртуған, Нұрмағамбет шайырлардың жақұт жырларын айтумен машықтанды. Сұрағанның алғашқы ұстаздары болып саналатын әнші Қиян Ибраев, күйшілер Қаппар Жармағамбетов, Ақжол Кереевтер жыршының топқа төселіп, жолға түсуіне үлкен ықпал етті.