ДЕМЕУБАЙ ЖОЛЫМБЕТОВ

ДЕМЕУБАЙ ЖОЛЫМБЕТОВ

           1958 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақбасты елдімекенінде дүниеге келген.

1981-1997 жылдар аралығында Ақбасты ауылдық клубының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Ол – Сыр елінің жыраулық өнерін насихаттауда өзіндік үлесі бар бірден-бір өнер иесі.

1996 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында Ж.Жабаевтың 150 жылдығына арналған облыстық жыраулар конкурсының Бас жүлдегері, сондай-ақ, 1997 жылы Тараз қаласында өткен «Манас» жырының 1000 жылдығына арналған республикалық жыршылар сайысында, 1999 жылы Астана қаласында өткен «Халық қазынасы үшінші мыңжылдықта» атты «Алпамыс батыр» жырының 1000 жылдығына арналған халықаралық жыраулар фестивалінде лауреат атанса, Ақтөбе қаласында өткен Көтібар батырдың асында ұйымдастырылған байқауда І орынды жеңіп алды.

Жырау 2001 жылы Қызылорда қаласында өткен І республикалық «Ғасырлар үні» жыраулар конкурсының Бас жүлдегері.

Оның жыр қорында Наурызбек, Қ.Ерімбет, А.Құнанбаев, Т.Ізтілеуов шығармалары бар.