ЕЛМҰРА ЖАҢАБЕРГЕНОВА
Елмұра Жаңабергенова - Сырдуан (Сыр)

ЕЛМҰРА ЖАҢАБЕРГЕНОВА

 

1970 жылдың 6 желтоқсанда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген.

Арнайы республикалық конкурстан өтіп, 1987 жылы бұрынғы КСРО астанасы Мәскеуде, Украина мен Белоруссия сияқты Одақтас республикалар астаналарында, басқа да көптеген қалаларында өткен концерттерде ән, терме-толғаулар айтып, көпшіліктің қошеметіне бөленген.

1991 жылы Нұртуған Кенжеғұлұлының 100 жылдық мерейтойына орай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның үлкен залында жыр кешін ұйымдастырған.

2003 ж. Астана қаласында «Тыңдашы, халқым, жырымды» атты тұңғыш шығармашылық кешін өткізген

2004 ж. Москвада өткізілген Наурыз тойына шақырылған өнер жұлдыздары қатарында концертке қатысқан

2005 ж. Германиядағы Қазақстан Республикасы мәдениеті жылы аясында өткен өнер жұлдыздарының концертіне қатысқан

2006 ж. Францияда концерт берген

2006 ж. Барселона қаласында өткен Азия фестиваліне Қазақстаннан арнайы шақырылып, фестиваль-концертте жеке өзі бір сағат дастан жырлап, дауысы Алтын қорға жазылған

2007 ж. Астанада өткен «Таза мінсіз асыл сөз» атты жыраулар сайысында бас жүлдені жеңіп алған

2007–2008 ж.ж. Францияда екі жыл қатарынан өткізілген дүниежүзі қазақтарының Наурыз мерекесіне арнайы шақырылып, мерекелік концерттерге қатысқан

2009 ж. түркі халықтары арасында Қазақстан Республикасынан арнайы шақырылып, АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы дүние жүзі бойынша ерекше орын алатын білім ордасы Стенфорд университетінде бір сағат онбес минуттық жеке жыр кешін өткізген. Сол концерттік бағдарламасы арнайы дискіге жазылып, әлемдік интернет жүйесіне енгізілген

2010 ж. ақпан айында, қазақ халқының жыраулық-жыршылық дәстүрін насихаттау мақсатында, компакт-дискіге жазылған «Сырдың ерке аруы» атты терме-толғаулар жинағы жарық көрген

Құрметті атақтары:

2004 ж. ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі мен ҚР мәдениет пен өнерді қолдау мемлекеттік Қорының «Мәдениет қайраткері» (куәлік №911),

2010 ж. «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері»,

2021 ж. Қызылорда облысының Арал ауданының «Құрметті азаматы».

Ғылыми атақтары:

2010-2011 ж. Өнертану ғылымының кандидаты (доктор).

2022 ж. Ғылым және білім министрлігінің қауымдастырылған профессоры (доцент).