ҒАНИБЕК ӨМІРЗАҚОВ

ҒАНИБЕК ӨМІРЗАҚОВ

Қарақұм кеңшарында 1974 жылы дүниеге келген. Өнегелі отбасынан шыққан Ғанибек жастайынан өнерге бейім болып өседі. 2007-2010 жылдар аралығында Ақтөбе гуманитарлық әмбебап колледжінің «Заңгер» мамандығы бойынша бітіріп шығады.

Қазіргі таңда 2012 жылдан бастап Мәдениет орталығында қызмет жасайды.

Ел халқы құрметтеп, есімін ұлықтауға лайықты осындай ерең тұлғалардың бірі, өнер көгінде жарқырап ізі қалған, халқына «Маңғаз мақам, сұлу сөздің сұлтаны» атанған Арал-Қазалы жыршы-жыраулық дәстүрінің көрнекті өкілі Дәріқұл жырау Өмірқұлұлының немересі.

Қазіргі кезде Дәріқұл жыраудың көзі тірісінде пайдаланған ер тоқымы Ғанибек жырауда сақтаулы.

Облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері.

2013 жылы облыстық «Сыр сүлейін сұрасаң...» телебағдарламасына түсті.

2013 жылы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хатымен, 2014 жылы  «Даңғайыр ақын Нұртуған» атты жыр кешінің алғыс хатымен марапатталды.

2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Майданнан хат» атты облыстық жыршы-термешілер байқауының ІІ дәрежелі дипломанты.

2015 жылы өткен ҮІІ облыстық «Жыр – керуен» телефестивалінің дипломанты.

2015 жылы «Үзігін жырдың жалғаған» атты жыршы-термешілердің байқауында ІІ орынмен марапатталды.

Қазіргі уақытта Арал аудандық Мәдениет орталығына қарасты Қарақұм елді мекеніндегі Дәріқұл жырау үйірмесінің жетекшісі.