ЗАУРЕ ИЗЕКЕШОВА
Қызылорда облысы, Арал ауданында 1976 жылы 11 қазанда дүниеге келген.
1994 жылы Ақтөбе мәдени-ағарту колледжіне оқуға түсіп, «демалысты ұйымдастырушы және халық аспаптар оркестрі жетекшісі» мамандығы бойынша бітірген.
1995-1997 жылдар аралығында №64 мектепте «ән-әуез» пәні бойынша мұғалім болып жұмыс атқарған.
1999 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Дәстүрлі өнер – жыр» мамандығы бойынша 2003 жылы «жырау – фольклоршы, арнаулы пәндердің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірді.
2004 жылы №2 Арал кәсіптік лицейінде хатшы-оператор қызметін атқарды.
2008 жылы көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі мамандығы бойынша жұмыс жасаған.
Қазіргі таңда 2012 жылдан бері Арал аудандық мәдениет орталығы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында әдіскер болып қызмет атқарады.
2013 жылы «Ұрпағы ұлықтаған – Сенәли» атты жыршы-термешілер сайысында алғыс хатпен марапаталды.
2013 жылы «Маңғаз мақам – сұлу саздың сұлтаны» атты жыршы-термешілер байқауында алғыс хатпен марапатталды.
2015 жылы «Ұлт рухына тағзым» атты тақырыптық кеште алғыс хатпен марапатталды.
2016 жылы «Рухты жырдың Рысбегі…» атты жыршы-жыраулар фестивалінде алғыс хатпен марапатталды.