ЗАҒИПА ИМАНҒАЗИЕВА
1978 жылы 5 мамырда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл қыстағында дүниеге келген.
2001-2005 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының түлегі. Арал өңіріндегі Нұртуған жыр мектебінің жыраулық дәстүрін насихаттаушы. Жыр қорында Нұртуған ақын, Нұрмағанбет, Әбубәкір Кердері, Қарасақал Ерімбет, Әбілхан Маханов, Қуаныш Баймағанбетов т.б. шайырлардың насихат сөздері, терме-толғаулары бар.
2002 жылы Таразда қаласында өткен республикалық «Жас толқын» фестивалінің лауреаты. Жыраудың дауысы «Тұран» Халықаралық ғылыми зерттеу орталығының фонетика қорына жазылып алыған.