БАЯН МҰСАЕВА

БАЯН МҰСАЕВА

1981 жылы 21 желтоқсанда Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының түлегі.

Қызылорда облыстық филармониясында қызмет атқарған.

1999 жылы Германияның, Берлин, Мюнхень, Бонн қалаларында халықаралық шоманизм фестивалінде өнер көрсетті.

          Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Қазіргі таңда Астана мемлекеттік филармониясында еңбек етеді. Сыр сүлейі белгілі Сары жыраудың шөпшегі.