ЖАҚЫПБЕК ШЕКТІБАЕВ

Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жыршы-термеші. Өзі ДОСААФ-та мұғалім болған. Жаппастағы Сумұрынның Бердіқожасы. Жастайынан үлкен жыраулардың қасында жүріп тәлім-тәрбие  алған. 10 жасында әкесі дүниеден өткеннен кейін, артында қалған анасы мен інісі Нақыпбек және қарындасы Тұрғанкүлге қамқор болған. Жырау Рахмет Мәзқожаның қасында жүріп, «Жолбарыс мінген ұры», «Жеті ашық» дастандарын, Күндебай, Жиенбайлардың жырларын орындаған.

Жыр қорында «Алтын балық», «Мағрупа қыз», Омардың «Қарт шекпен», «Үш күлше», «Абу Шаһма» т.б дастандар  бар.