АЙНА ТҰЯҚОВА

АЙНА ТҰЯҚОВА

                    Айна Қонысбайқызы 1983 жылы 17 наурызда Арал қаласында дүниеге келген.

1999 жылы аудандық «Үкілі үміт» байқауының Бас жүлдегері.

2004 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында өткен «Аймақты әнмен тербетіп» атты аймақтық жыршы-термешілер байқауында терме жанры бойынша ІІІ орын иегері.

          2007 жылы Шиелі ауданында өткен «Ән еркесі Нартай» атты термешілер байқауында ІІ орынды жеңіп алды.

          2008 жылы З.Шүкіров жылына өткізілген байқауда І орын, Арал ауданында Сартай батыр жылына арналып ұйымдастырылған жыршылар байқауында Бас жүлдені, 2009 жылы Н.Кенжеғұлұлының 120 жылдығына арналған жыраулар байқауында жүлделі ІІ орынды иеленді.

2022 жылдың сәуір айынан бастап «Арал аудандық мәдениет орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны директоры қызметін атқарады.