ҮКІТАЙ ЕРНИЯЗОВ
1987 жылы 6 қаңтарда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жаңақұрылыс кеңшарында дүниеге келген. 2005 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледждің «Қазақ ұлт аспаптары» бөлімін бітірген. Қазақ Ұлттық Өнер университетінің 2013 жылғы «Дәстүрлі музыка өнер, халық аспаптары» бөлімінің түлегі.
Аймақтық жыршы-термешілер байқауының және домбырашылар байқауының лауреаты.
2011 жылы Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «домбыра» номинациясы бойынша ІІІ орын иегері.
Бүгінде халыққа сазгерлікпен танылған Үкітай Ерниязовтың лирикалық әндерін қазақ эстрада жұлдыздары орындап жүр.