АБЫЛАЙХАН БЕКТАСОВ

АБЫЛАЙХАН БЕКТАСОВ

1988 жылы 1 шілдеде Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген.  6 жасынан бастап, Арал аудандық музыкалық мектепте 5 жыл «домбыра» класы бойынша дәріс алған.

Жыр қорында Нұртуған Кенжеғұлұлы, Бекұзақ Тәңірбергенов, Базар жырау, Қарасақал Ерімбет, Дүр Оңғар, Замаддин Ибадуллаев, Сәрсенбай Бөртебайұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Махмудбай Әміреұлы, Әбілхан Маханов т.б. жыршы-шайырлардың терме-толғау, дастандары бар. Өнердегі ұстазы Айбек Тәңірбергенов.

Облыстық жыршы-термешілер байқауларының лауреаты.

Қазіргі таңда Арал аудандық мәдениет үйінің қызметкері.