АМАНДЫҚ ЖАПБАРБЕРДИЕВ

АМАНДЫҚ ЖАПБАРБЕРДИЕВ

 

1991 жылы 13 қаңтарда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кентінде дүниеге келген. Тілеубергенұлы Жаппарберді жыраудың туған шөбересі.

2013 жылы Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.

Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Дәстүрлі музыка өнері» кафедрасының түлегі. Ұстаздары белгілі жырау Айбек Тәңірбергенов, Руслан Ахметов. Жыр қорында Нұртуған Кенжеғұлұлының, Наурызбек жыраудың «Жыр бастауы», Кердері Әбубәкір, Қарасақал Ерімбет, Бұдабай Қабылұлы, Жақсан жырау, Әбілхан Маханов, Б.Тәңірбергенов, А.Тәңірбергенов, Б. Өтепов тағы да басқа ақын-жыраулардың терме-толғаулары, көңіл-қостары мен өсиеттері бар. Республикалық, облыстық жыршы-термешілер байқауының лауреаты. Қазіргі таңда Қызылорда облыстық филармониясының концерт жүргізушісі (конферансье).