АЙДАР ҮСЕНОВ
1991 жылы 11 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген.
2009-2013 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті музыка және педагогика факультетінің «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығын тамамдады.
2013-2014 жылы аралығында Арал аудандық мәдениет үйі мен клубтары мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнына қарасты Тоқабай ауылдық клубының меңгерушісі болып жұмыс атқарды.
2014 жылдан бастап Қызылорда қаласы «Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» мемлекеттік мекемесінде мәдени ұйымдастырушы болып жұмыс жасайды.
Жыр қорында Нұртуған Кенжеғұлұлы, Қарасақал Ерімбет, Байназар Өтепов, Әбілхан Маханов, Жаңаберген Бітімбайұлы, Дәріғұл Өмірқұлұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Ақ Кете Шернияз сынды ақын, шайырлардың терме-толғаулары мен Кете Жүсіптің «Сұр мерген», А.Тәңірбергеновтың «Қира ат» және С.Жанғабылұлының «Иса, Досан» дастандары бар.