ХАСЕНХАН КІШКЕНЕЕВ
Хасенхан Кішкенеев 1997 жылы 18 маусымда Арал ауданының Ақбасты ауылында туған. Елге белгілі Құлжан шайырдың ұрпағы. Жырау Айбек Тәңірбергеновтен тәлім алған. Республикалық, облыстық бірнеше жыр додаларында жүлдегер атанды.
Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі. Қазіргі таңда Арал ауданы Ақбасты ауылдық клубының әдіскері.