АҚМАРАЛ ІДІРІСОВА

АҚМАРАЛ ІДІРІСОВА

Қызылорда облысы, Арал ауданында 2001 жылы дүниеге келген. Жастайынан өнерге құмар Ақмарал түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

2013 жылы «Дәстүрім – даңқым» атты балалар шығармашылығы байқауында І орын иегері.

2013 жылы аудандық «Қанекей, тілім, сөйлеші!» атты байқауында ІІ орын иегері.

2014 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай өткен Жаңаберген жыраудың «Сөзім шырын, тілім бал, жырдан шашу шашайын!» атты аудандық жыршы-термешілер байқауында ІІ орын иегері.

2014 жылы ХҮІ «Бозторғай» облыстық байқауында І орын иегері.

2014 жылы жыршы-термешілердің ҮІ облыстық «Жыр керуен» телефестиваліне қатысқаны үшін арнайы дипломмен марапатталған.

2014 жылы «Сөзім шырын, тілім бал» атты аудандық жыршы-термешілер байқауында І орын иегері.

2015 жылы аудандық «Қанекей, тілім, сөйлеші!» атты байқауында арнайы дипломмен марпатталған.

2016 жылы Шиелі ауданында өткен Ә.Әбуовтің 80 жылдығына арналған «Алты Алаштан ән оздырған – Әбілаш» атты облыстық жыршы-термешілер байқауында ІІІ орын иегері.

2016 жылы «Аралдың ақиығы Дүр атанған» атты аудандық жыршы-термешілер байқауында І орын иегері.

2016 жылы Баку қаласында өткен ҮІІ Халықаралық  «Мугам» фестивалінің дипломанты.

Бүгінгі күні «Шабыт» өнер университетінің 4 курс студенті. Белгілі жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елмұра Жаңабергенованың шәкірті.