1977 жылы 23 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік университетінің «Халық әні» каферасының түлегі. Халықаралық, республикалық, «Ғасырлар үні» жыраулар конкурсының (2001, 2003, 2006 жж.) халықаралық «Шабыт» жастар шығармашылығы өнер фестивалінің лауреаты.
2000 жылы Түрік елінде өткен халықаралық жастар фестивалінде ҚМУ-дың «Дидар» этнографиялық-фольклорлық ансамблінің құрамында өнер сапарында болды.
2003 жылы Ақтау қаласында өткен республикалық жыршы-жыраулар конкурсының II орын иегері. Республикалық «Керулен» этнографиялық-фольклорлық ансамбілінің құрамымен бірнеше шетелдерде гастрольдік сапарларда болып өнер көрсетіп қайтты.
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Астана қаласындағы облыстардың біріккен мерекелік концертінде Тұрмағамбет оркестрімен өнер көрсетіп, Елбасынан жоғары баға алды.
Жыршының орындауындағы жыр-дастандары 2001, 2003, 2004 жылдары «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Ауылдың алты ауызы», «Cыр сүлейлері» атты бағдарламаларына түсіріліп, жазып алынды.
2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай мерекелік медальмен марапатталып, ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері атанды.