НҰРБАЛА ОКТЯБРЬҚЫЗЫ
2000 жылы 16 қазаны күні Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген. Аудандық балалар өнер мектебінің «Ән салу» бөлімі бойынша білім алған. Қазіргі таңда Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің «Дәстүрлі ән» бөлімінің түлегі. Облыстық, республикалық байқаулардың лауреаты.
«Шабыт» өнер университетінің 4 курс студенті. Белгілі жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елмұра Жаңабергенованың шәкірті.