СЕРІК ЖҮСІПОВ КАМАЛАДДИНҰЛЫ
1971 жылы Қазалы ауданы, Сарбұлақ елдімекенінде дүниеге келген. Жас кезінен өлең-жырға құмар боп өскен Серік Қызылордадағы М.Мәметова атындағы педагогикалық колледждің «ұйымдастырушы-мұғалім» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Өзінің туған ауылы Сарбұлақта 2000 жылдан бері мәдениет саласында еңбек етіп келеді.
Аудандық, облыстық жыршы-термешілер байқауларының бірнеше дүркін лауреаты. Жыр қорында Сыр сүлейлерінің шығармалары Тұрмағамбет, Омар, Базар, Оңғар, Қарасақал Ерімбет, Нұртуған шайырларының туындылары бар.