ПЕРУЗА НАРМАН

ПЕРУЗА НАРМАН

          1976 жылы 10 наурызда Қазалы ауданы, Абай ауылында дүниеге келген.

1993-1997 жылы  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің түлегі.

1997-2000 жылдары Қазалы аудандық мәдениет үйінде жұмыс жасады.

2000-2003жылы Ақтөбе облысы әкімінің «Қайратты қазақ» ансамблінің әншісі.

          2003 жылы Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының әншісі.

          2004 жылы бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік Мемлекеттік университетінің оқытушысы болып қызмет атқарып келеді.

          2000 жылы мәдениетті қолдау жылына байланысты Мәдениет министірлігінің грамотасымен марапатталды.

          2002 жылы Ақтөбе облыстық жыршы-термешілер байқауында І орын иегері.

          2003 жылы Шымкент қаласында өткен республикалық термешілер байқауының І орын иегері.

          2003 жылы Орал қаласында өткен «Көмейінде күміс жыр» атты қыз-келіншектер байқауында І орынды жеңіп алды.

          2003жылы Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

          2003 жылы Ақтөбе облыс әкімі Е.Имантаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

          2004 жылы  Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты.

          2005 жылы  Ақтау қаласында өткен республикалық жыршы-термешілер байқауында  ІІ орын иегері.

          2006 жылы Бішкек қаласында өткен дүниежүзілік жыршылар фестивалінде Қырғызстан мәдениет министірінің дипломымен марапатталды.

          2007 жылы Қызылорда қаласында өткен республикалық «Заман-ай!» атты термешілер байқауының Бас жүлдегері.

          2007 жылы Атырау қаласында өткен «Отаным – бақыт ордасы» атты термешілер байқауында Бас жүлдені жеңіп алды.

          2011 жылы ҚР «Мәдениет қайраткері» атағын иеленді және мәдени мұра бағытында жазылған республикалық тарихи үн таспалары бар.

          2016 жылы облыс әкімінің қолдауымен ұйымдастырылған Ақтөбе өңірінің дәстүрлі өнерін насихаттау барысында шығарылған анталогиясында жеке даусы жазылып, сақталды. Жыр қорында Нұртуған, Базар жырау, Қарасақал Ерімбет, Т.Ізтілеуов, Жаңаберген, Ақтан, Сәттіғұл, Таразы Кәленқызы сияқты ақын-жыраулардың шығармалары және Асау-Барақ, Алпамыс батыр жырлары бар. Ресей, Қырғыз қалаларында, Сирия елінің  Дамаск, Басра, Аллеппо, Сюида қалаларында өнер көрсетті.