ӘЗІЛХАН МАҚСАТБАЕВ

ӘЗІЛХАН  МАҚСАТБАЕВ

           1977 жылы Қазалы ауданы, Бозкөл ауылдық кеңесіне қарасты Лахалы бөлімшесінде дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Дәстүрлі ән» факультетінің Нартай класын бітірген. Нартай мектебінің ізін жалғастырушы. Еңбек жолын 2005 жылдан  бастап Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі  Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің ән үйірмесінің жетекшісі ретінде  бастаған.

2006 жылдан бастап Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет үйінің әдіскері қызметін атқарды.

2010 жылдан бастап аудандық мәдениет орталығының директоры,.

2011 жылдан бастап «Әйтеке би кенттік және ауылдық клубтар» МКҚК-ның директоры, 2013 жылы «Қазалы қалалық және ауылдық мәдениет үйлері» МКҚК-ның директоры қызметін атқарды. Қазір Қазалы қаласы әкімі аппаратының «Қалалық мәдениет үйі» МКҚК-ны директоры.

      2001 жылы Майра Уалиқызы атындағы І Халықаралық ән-жыр конкурсының дипломанты,

«Шалқар термесі-2002» Оңтүстік Қазақстан облысының 70 жылдығына арналған  термешілердің республикалық байқауының ІІ орын иегері.

2003 жылы Майра Уәлиқызы атындағы ІІ Халықаралық әншілер конкурсының ІІІ орын иегері.

2003 жылы Тараз қаласында өткен Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа дауысым» атты ІІ республикалық әншілер конкурсының дипломанты.

2004 жылы Шиелі ауданында Нартай әндерін шебер орындауда көрсеткен өнері үшін Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының ІІ дәрежелі диплом иегері.

2006 жылы Шиелі ауданында Әбіләш Әбуовтің 70 жылдығына байланысты облыстық Нартай әндерін нақышына келтіріп орындаушы әнші-термешілер байқауында Нартай атындағы жүлденің І орын иегері.

2006 жылы Жаңақорған ауданында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері әнші, композитор Б.Байкенжеевті еске алуға арналған «Ән еркесі –Бексұлтан» атты облыстық әнші-сазгерлер байқауының І орын иегері.

2008 жылы Қызылорда қаласында өткізілген «Қазақ фольклорының жауһары – Қыз Жібек жырына 500 жыл» атты ғылыми-танымдық конференциясы мен «Ғасырлар үні» атты республикалық жыршы-орындаушылар фестивалінің дипломанты.  

2009 жылы Шиелі ауданының 80 жылдық мерейтойы аясында өткізілген «Ән еркесі – Нартай» атты республикалық дәстүрлі әнші-термешілер байқауының дипломанты.

2009 жылы Қызылорда қаласының 190 жылдығы мен Қызылорда облысының 70 жылдық мерейтойларына арналған «Алаштың Ақмешіті» атты дәстүрлі орындаушылар фестиваліне қатысып, орындаушылық шеберліктің үздік үлгісін танытқаны үшін облыс әкімінің дипломымен марапатталған. 

2015 жылы Қызылода облысында өткен Нартай Бекежановтың 125 жылдығына арналған республикалық әншілер байқауында ІІІ орынды иемденді.

Жыр қорында Нартайдың ән-термелері, Шашубайдың «Ақ қайың», Ахан Серінің «Қараторғайы», Майра Уәлиқызының «Бақшы» әні мен халық әндері және шығыстың жыр-дастаны Шаһнаманың «Ашкабус» дастаны, Сардарбек Қожағұловтың «Жалаңтөс батыр» дастанынан үзінді бар.