МАРАТ СҮГІРБАЙ

 

МАРАТ СҮГІРБАЙ

 

1990 жылы 16 қазанда Қазалы ауданына қарасты бұрынғы Өркендеу, қазіргі Жанкент ауылында дүниеге келген. Балалық қызығушылықпен қолына ұстаған домбыраны кейін жанынан тастамай, Бидас Рүстембеков, Сұраған Мырзаев, Рысбек Әшімов, Болатбек Ердәулетов сынды Сыр саңлақтарының орындауындағы жыр-термелерді үнтаспадан тыңдап, жыр, термелерін жаттады. Жастар арасындағы айтыстарға қатысып,жүлделі орындар алды.  

Қазіргі таңда Марат Бердібайұлы Қорқыт бабамыздан бері қарай Сыр сүлейлерінің шығармаларын өзіндік мақам-сазымен қобызға салып орындап, Сырдың бойындағы қаймағы бұзылмаған дәстүрлі жыр өнерін қаз-қалпында бүгінгі тыңдаушыға жеткізіп, сабақтастығын үзбей, сақтап қалуға үлесін қосып жүр.

2008-2012 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасынан білім алған.

2012 жылдан бастап Қызылорда облыстық филармониясында дәстүрлі орындаушы, жыршы болып жұмыс атқарып келеді.

Гастрольдік сапарлармен Ресей Федерациясының Орынбор, Қазан қалаларында және Өзбекстан мемлекетінде өнер көрсетіп, ұлтымыздың болмысы- дәстүрлі өнерді насихаттап, Көптеген республикалық, облыстық жыршы-термешілер байқауларына қатысып жүлделі орындарды иеленіп жүрген өнерпаз. 

Тынымсыз ізденісі мен шығармашылық еңбегі арқылы Сыр елінің мәдениеті мен өнерінің өрістеуіне өз үлесін қосып келеді.

Сыр елі мәдениеті мен өнеріне қосқан зор үлесі үшін облыс әкімінің және мәдениет басқармасының бірнеше Алғысымен марапатталды.

«Халықаралық ақын, жыршы-жыраулар одағының» мүшесі.