АЙДОС ТҰРАР

АЙДОС ТҰРАР

          1997 жылы 25 шілдеде Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеген келген. Бірінші сыныптан бастап домбыра ұстап, термелерді айтып, 3 сыныпта аудандық ғылыми жобалар байқауында Н.Жәлімбетовтың өмірі мен өнерін зерттеп және қорғап ІІІ орын алған.

          2008 жылы Арал қаласының 200 жылдығы аясында Н.Кенжеғұлұлының 125 жылдық мерейтойына арналған конкурста ІІІ орынды жеңіп алды.

          2009 жылы «Ақкөгершін» конкурсында  І орынды қанжығасына байлады.

          2010 жылы «Бозторғай» конкурсында І орынды жеңіп алды.

          2010 жылы «Менің туған өлкем» конкурсының Бас жүлдегері.

          2011 жылы «Ғұмырдария» конкурсында І орынды иеленді.

          2011 жылы «Асыл мұра» конкурсында І орынды иеленді.

          2011 жылы «Жарық жұлдыз» байқауының ІІ орын иегері.

          2012 жылы «Жырлайды жүрек» конкурсында І орын, осы жылы «Ғұмырдария» конкурсында Бас жүлдені иеленген. Республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегері.

          2012 жылы Бұқарбай батыр Естекбайұлының 200 жылдығына арналған дастан орындаушылардың республикалық конкурсында ІІІ орын иеленген.