ҚАРАСАҚАЛ ЕРІМБЕТ КӨЛДЕКБАЙҰЛЫ (1844-1916 ж.ж)
Сыр сүлейлері. Орындаушы Шолпан Бимбетова

Ерімбет Көлдейбекұлы 1844 жылы бұрынғы Қазалы уезі, қазіргі Арал ауданы Көкаша мекенінде дүниеге келген. Ақын. Шыққан руына орай елге Қарасақал Ерімбет болып танылған.

Хиуадағы «Шеккі Хазірет» медресесінде оқып, білім алған. Қарасақал Ерімбеттің ақындық өнер жолының қалыптасуына Шернияз Жарылғасұлы (1807 – 1867), Қашқынбай Қожамбетұлы, т.б. ақындар ықпал еткен. Жыраулық, жыршылық, әншілік, ақындық, сал-серілік өнері тоғысқан Қарасақал Ерімбет пен оның өнерпаздық айналасы: Базар Оңдасұлы, Омар Шораяқұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Даңмұрын Кенжебекұлы, Әзілкеш Шымырұлы, Оңғар Дырқайұлы, Жарылқасын Сырманұлы, Тұрымбет Салқынбайұлы, т.б шайырлар Сыр бойының жыраулық-жыршылық мектебін қалыптастырды.