БЕКЕН БЕРЛІБЕКҰЛЫ
(1881-1961 жж.)
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, №9 Көктөбе ауыл советінде дүниеге келген. Бекен серілеу болып өскен. Ол кісі Қармақшыда тұрған. Сол жақтан тігіншілікті үйренген. Кәніспек Қарабазар Шүленов Жақсанның Бұршай деген қарындасына үйленіп, одан бір бала Тұрмаханды сүйеді. Тұрмахан 1930 жылы туылған.
1950 жылдан бері қарай жатып қалып, ән салып жатады екен. Көбіне «гөй-гөй» әніне салып, баяу ырғақпен айтып жататын болған. Даусы да жағымды шертіп отырып, әнге қосатын қоңыр даусы болған екен. Үйге келген туыстары, құда-жекжаттары Беке «гөй-гөй» салшы деп отырады екен. Тұрмағамбеттің, Ешнияз, Даңмұрын және Балқы Базардың термелерін орындаған.
1950 жылдары «Анабаз» мекемесінде бригадир болып қызмет атқарған.
Бекен Берлібекұлы 1962 жылы қайтыс болды.
«Тоқым тыққан Қыстаубай» (авторы белгісіз), «Татарлар жорығы» атты дастандарды жырлаған. Дауысы қалмаған.