ШАҚАР ҚАЛМЫРЗАҰЛЫ
(1888-1933 жж.)
Жырау Ақтайлақ Кезеңде, Қармақшы өңірінде дүниеге келген. Кеңес Одағы орнағанға дейін ауыл молдасында оқып, өлең-жырға жақын болған. Оған дәлел Тұрмағамбет ақынның «Назым» атты жинағында (60 бет) «Сыр бойы» атты өлеңінде:
Ысқақ пен Шақар атты шайыры бар,
Құтылар қамал тартқан алқаданда...
Дүкенін сауық-сайран қыздыруға,
Болғай да әрқашан да халық аманда, – деген жолдар бар. Сол елдің белгілі жыршы-шайырларын ақын марапатқа іліндірген.
Кейін Кеңес Одағы құрылғаннан кейін түрлі кәсіптер істеген. Жырау-ақын Шақар Тұрмағамбет ауылы аумағында қайтыс болған.