ӘЛІБЕК БӘЙКЕНОВ
(1889-1945 жж.)
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Күйеуасары ауылында дүниеге келген. Халық ақыны, жырау.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Нартай Бекежановтың концерттік бригадасының құрамында болып, соғыстан күйзелген, елде қалған халықтың бір сәтке болса да көңіл-күйлерін көтеріп, өнерлерін көрсетіп, жандарына жұбаныш сыйлаған. Ол суырып-салма ақындығымен де кезінде республика көлемінде аты шыққан.
1943 жылы республикалық айтыста Орынбай Таймановпен жыр сайысына түскен. Шығармалары «Пернедегі термелер» (1965 ж.), «Айтыс» (3 т,1966 ж.) жинақтарында жарияланды. Ақынның жеке туындылары мен ел арасынан жинаған материалдары Қазақстан ҒА-ның Орталық ғылыми кітапханасының сирек қолжазбалар қорында, Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында сақтаулы.