ЕГІЗБАЙ МӘКІБАЙҰЛЫ

ЕГІЗБАЙ МӘКІБАЙҰЛЫ

(1890-1972 жж.)

«Егізбайы бұл да бар

Алтындай сөзі құнданар...»

Әлиакбар ақын.

 

          Қармақшы ауданы аумағындағы Ақбел деген жерде (қазіргі Ақжар ауылы) дүниеге келген. Кете руының Ұлтай аталығынан. Жасынан өлең-жырға әуес болған Егізбай кейін ата дәстүрін жалғастырушы дәрежесіне дейін көтеріліп, елдің қадірлі, ауызы дуалы ақсақалына айналған жан.

          1945 жылы Ұлы Отан Соғысының Жеңісіне арналған облыстық ақындар айтысында Тұрымбет Салқынбайұлымен айтысқан. Одан бұрын Кете Жүсіппен айтысқа түскен. Артына көптеген өлең-жыр  қалдырған айтыс ақыны, жыршы болған.

Ақжар ауылында дүниеден озған. Соғыстағы баласына арнаған «Сағындым сені, жан балам», Кете Жүсіп қайтыс болғанда жазған көңілқосы т.б өлеңдері сақталған.