СЫДЫҚ РЫСБАЕВ
(1896-1964 жж.)
«Кетебайұлы Садықты,
Әнуар менен Сыдықты.
Қожахмет, Әубәкір,
Жыраулар еді қалыпты...»
Нұршат Бекежанқызы.
Қармақшы өңіріндегі Томарбөгет Ақтайлақ кезеңде дүниеге келген. Кеңес Одағы орнағанға дейін түрлі бай-манаптардың қол астында түрлі тірлік жасаған. Кеңес Одағы орнағаннан кейін, өмірінің соңына дейін кеңес, ұжым шаруашылықтарында егін, мал шаруашылықтарында еңбек етті. Ұлы Отан Соғысының ардагері. Үкіметтің жұмысымен қатар өзінің ата-бабаларынан қалған төл өнері, дәстүрлі жыршылық-жыраулық өнерді тастамай, жиын-той, мерекелер де кейінгі ұрпақтарға үлгі, өсиет-тәрбие мағынасындағы жыр-терме, толғау, дастандарды қалдыру мақсатында, ата өнерін насихаттауда өз өнерін аяған жоқ. Жыр қорында «Мұңлық-Зарлық», «Қыз-Жібек» дастандары, Сыр сүлейлері Омар, Шегебай, Тұрмағамбет, Жиенбай т.б. шайырлардың туындылары болған. Ол өз туған аулында дүниеден озған.