ДАСТАНБЕК жырау ЖИЕНБАЙҰЛЫ
Дастанбек те бір тұлпар,
Ұядан ұшқан ол сұңқар.
Әлиакбар ақын.
Сыр бойындағы үш-төрт мектеп бар дейтін болсақ сол мектептердің бірі – Жиенбай жырау мектебі. Сол Жиенбайдан Рүстембек, Алқыма, Марқыма, Дастанбек атты ұрпақтар тарайды. Рүстембек әкесінің жолын қуып, дәстүрлі жыраулық өнердің көрнекті өкілі болды. Ал Дастанбек те ағасы, әкесіне еліктеп жыраулық өнерді мұрат тұтқан. Ұлы Отан соғысы жас өнерпазды дегеніне жеткізбеді. Ол 1941 жылы он тоғыз жасында соғысқа алынып, Сталинград майданында 1942 жылы опат болады. Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда: «ағасы Рүстембектен кем емес, арқалы жырау еді» – дейді.
Жыр қорында Сыр шайырларының шығармалары, бірнеше дастан, қиссалар болған.