ТАЙНА ШОҚПАРОВ

ТАЙНА ШОҚПАРОВ

(1905-1974 жж.)

 

    «Тайна менен Байна бар,                                                                                                 

  Жүлделі жүйрік, бәйге алар.

Сүйкімді сөзін естісең,

Көңілің шат боп, жайланар...»

Әлиакбар ақын.

 

          Сыр сүлейлерінің бірі ақын Шораяқтың Омарының атқосшысы болған Тайна ақын-жыршы Қармақшы аймағындағы Ақтайлақ Кезеңде дүниеге келген. Ауыл молдасынан дәріс алған. Тайна жасынан өнерге жақын болып, ауылдағы жыршы, ақындар маңайынан табылатын.

Кеңес үкіметінің тұсында Дауылкөл ауылдық кеңесіне қарасты колхоз-совхоздарда ауыл шаруашылығы, егін, мал шаруашылығында еңбек еткен. Соғыс кезінде еңбек майданы науқанына ілініп, Украинаның Кроснодар өлкесінде еңбек етіп елге оралады.

          Тайна Шоқпаровтың тез жауап беретін және ұтымды сөздерді аяқ асты шығаратын қасиеті болған. Оған қоса өз замандастары Мұзарап Жүсіпұлы, Әзірбек Ақшолақов, Рүстембек Жиенбайұлдарымен сөз таластыра жүріп, олардың шығармаларын насихаттаған. Жалпы Сыр бойы ата дәстүрімен жыршылық-жыраулық, шайырлық өнерге өте ден қойған өнер иесі болған. Ақын-жыршы Тайна Шоқпаров Ленин атындағы совхозда (қазіргі Тұрмағамбет ауылында) 1974 жылы 69 жасында көз жұмған. Оның өлеңдері әлі ел аузында.