ДАСТАН ҚАРАКЕНЕЙҰЛЫ
ДАСТАН ҚАРАКЕНЕЙҰЛЫ
(1906-1986 жж.)
 
«Ұлтайда, Ібаш, Дастанда,
Өзінен жүйрік асқан ба?...»
Әлиакбар ақын.
 
ДАСТАН ҚАРАКЕНЕЙҰЛЫ №9 ауылда дүниеге келген. Қармақшы ауданының орталығындағы мұғалімдер даярлайтын курсты бітірген. Ауыл молдасынан дәріс алған.. Ауылындағы халық ағарту саласының алғашқы қарлығаштарының бірі.
 Ұлы Отан Соғысының ардагері. Тереңөзек, Қармақшы аудандарында түрлі салада еңбек етіп, 1975 жылы зейнеткерлікке шығады. Ауылдың ауызы дуалы ақсақалы, көрген-білгені көп Дастан кейінгі жастарға үлгі боларлық жырларын тастап кеткен өнерпаз да болған. «Өзінің де отырыстарда Сыр шайырларының шығармаларын айтып отыратын еді» – дейді көрген көнекөздер. Ұрпақтары Қызылорда облысында еңбек етеді. Қаракенейұлы Дастан жайлы мағлұмат берген, белгілі жырау Ібаш Мыңжасаровтың баласы Әділбек Ібашов ақсақалға мыңда бір алғыс айтамыз.