БАЛҚАШБАЙ ЖҮСІПОВ

БАЛҚАШБАЙ ЖҮСІПОВ

(1907-1991 ж.ж.)

 

 

          Балқашбай Жүсіпов 1907 жылы Кызылорда облысы, Қармақшы ауданында «Жүсіптің Аккөлі» деген жерде туған. Эпик жыршы, әнші, домбырашы.

1946-1957 жылдары Н.Бекежановтың концерттік бригада-сының мүшесі болған.Жыршының репертуарынан Ж.Дүзбенбетовтің «Бозбала» (сөзі: Ә.Бәйкенов), Н. Бекежановтың «Жайна» (сөзі: А.Токмағамбетов), «Қазақстаным», «Гигигай» (сөзі: О.Шораяқов), «Илигай», шертпе күй сияқты ән-күйлер мен Ә. Оңалбаевтың «Анадан айналайын, ер туғызған», А.Токмағамбетовтың «Дейді екен...», «Адам бар алтын алмай, акыл алған», Қ. Баймағамбетовтың «Денеде жан барында, тілім сайра», «Жамылған жасыл желек, көркем Аша», «Көктем», «Бұл дүния, ойлап тұрсам, өткел еді», т.б. жыр- термелері жазылып алынған. Оның орындауындағы біршама термелер «Сыр сүлейін, сұрасан...» музыкалык антологияға енген, шығармашылығы хақында «Жиделі Байсын күйлері (Б.Жүсіпов) кітабында жазылған.