ІБӘШ РАЙЫМБАЙҰЛЫ

                                                    ІБӘШ  РАЙЫМБАЙҰЛЫ

(1909-1942 жж.)

 

   Қармақшы ауданындағы №9 ауылда бұрынғы Ақбел елдімекенінде дүниеге келіп, өнер-білімге деген зор ынта-ықыласының арқасында жастайынан оқып білім алып, 1930 жылдан бастап, 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін бұрынғы Көктөбе, Ворошилов, Чкалов колхоздарындағы мектептерде жастарға ұлағатты ұстаз болған.

Ібәшпен тұстас қазіргі көзі тірі ағаларымыз бен оның кейбір шәкірттерінің айтуына қарағанда ағамыз сол кездің өзінде білімдарлығымен, мәдениеттілігімен қазақ зиялыларының қатарында жастарға үлгі бола білген. Сыныпта сабақты өлең-жырмен, әнмен ұштастырып, балаларды өнер-білімге баулыған. Сол кездің өзінде ол «Ібәш жырау» атанды. Оның халық арасында жырлайтын «Көрғұлы» хиссасы, шырқап салатын «Мұхит», «Қалқа», «Назқоңыр», «Балымша» әндері халық көңілінен орын алған.