КЕТЕБАЕВ САДЫҚ
(1909-1982 жж.)
1909 жылы 18 ақпанда Қармақшы ауданында дүниеге келген. Жастайынан өлең-жырға құмар болып, жыраулардың жырларын бір-екі тыңдағаннан жаттап алған. Сауат ашып, мектеп көрмеген. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен. Жаңақала шаруашылығының дамуына зор үлес қосқаны үшін Жаңа қала елдімекенінің 50 жылдығына арнап шығарылған кітапқа енген. Заманында Рүстембек, Жиенбай, Сәрсенбай жыраулардын жыр үйреніп, сол жыраулардың мұрасын насихаттаған.