ҚОСЖАН КӘРІБАЕВ

ҚОСЖАН КӘРІБАЕВ

(1914-1984 жж.)

 

          Ақтайлақ кезеңде (Қармақшы өңірі) дүниеге келген. Жасынан жетімдікті көп көріп, іні-қарындастарын асырау үшін қақпан құрып, тапқанын күлшеге айырбастап күн көрген Қосжан кейін Кеңес Одағының түрлі шаруашылықтарда еңбек етті. Ашаршылық жылдары Өзбек ағайындарды қынулы, қайратты, аңшы Қосжан 1934 жылы еліне оралып, еңбекке араласты.

          Жасынан жырға, күйге әуес болған өнерпаздың артында мынадай сөз қалған: «Тұрмағамбет ақын өнерпазға риза болып, жұртта екі құлақ қана деп ойлаймыз, ал құлақтың төрт түрі болады. құйма құлақ, ақпа құлақ, саңырау құлақ, сақ құлақ. Сен солардың құйма құлағы екенсің» – деп ақын риза болған екен. Сол өнерпаз артында үлкен сөз қалдырған жыршы-ақын шежіреші болып шықты. Кейінге үлгі тұтарлық өнеге тастаған Қосжанның өнерін Қасарбек жырау, Зәуре жыршы балалары өнер жалғастығына қол жеткізді. Қасарбек облыс деңгейіндегі үлкен жырау, ал Зәуре жыраулық мектептің үлкен ұстазы. Өнер жалғастығы деген осы. Белгілі жырау-ақын-шежіреші Кәрібайұлы Қосжан 1984 жылы туған ауылында дүние салды.